Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады •

    Геннадий Головкин Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға көмектеспек

    Геннадий Головкин Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға көмектеспек

    Астанада ҚР туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкиннің кездесуі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Olympic.kz мәліметінше, кездесудің басты тақырыбы жазғы ойындарға дайындықтың соңғы кезеңі, сондай-ақ ҰОК пен министрлік қызметкерлерінің төртжылдықтың басты додасына дайындық деңгейі болды.

    Бұған дейін екі ұйым басшылары арасында спорттық делегацияны жасақтау барысында бапкерлер мен кешенді ғылыми топ мүшелеріне (дәрігерлер, массажшылар) басымдық берілетіні жайлы келісім жасалған. Осылайша, Париждегі Олимпиада ойындарына қанша атлет аттанса, сонша бапкер мен медициналық қызмет мамандары жол тартады.

    Екеуара әңгіме барысында туризм және спорт министрі мен Қазақстан ҰОК басшысы отандық спортты дамытып, ұлттық құрама халықаралық деңгейде, оның ішінде, жаңа олимпиадалық циклде жақсы нәтиже көрсету үшін күш біріктірудің маңызды екенін тағы да атап өтті. Жұмыстың нақты жоспары Париждегі Олимпиада ойындары аяқталған соң талқыланбақ.

    Сондай-ақ Геннадий Головкин Қазақстан ҰОК командасының Астанада өтетін ауқымды іс-шара кезінде халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

    Фото: ҰОК

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →