Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) •

    «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды

    «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды

    Фото: Видео скриншот

    Астана қаласында BI Group компаниясы салған «бизнес+» санатындағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары құрылыс сапасына наразылық білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, пәтер кілтін 2024 жылдың қарашасында алғанымен, аула мен жерасты тұрағындағы құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

    Тұрғындар жерасты тұрағының суық екенін, көлікті қашықтан оталдыру жүйесі жұмыс істемейтінін және кейбір бөлмелерге су ағатынын айтып шағымданған.

    Сондай-ақ қабырғалар мен төбедегі жарықтар түсірілген суреттер жарияланып, компания уәде еткен фитнес-залдың әлі ашылмағаны айтылды. Жазба авторы BI Group-тың өтінімдерді қабылдайтын қосымшасында шағымдар жабылып қалатынын, ал кемшіліктер толық түзетілмегенін мәлімдеді.

    Енді тұрғындар құрылыс компаниясынан барлық ақауды жоюды және кепілдік мерзімін ұзартуды талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →