Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Instagram-да заңсыз лотерея ойнатқан Шымкент тұрғыны сотталды

    Instagram-да заңсыз лотерея ойнатқан Шымкент тұрғыны сотталды

    Қала тұрғыны «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, тиісті лицензиясысыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқаны анықталды. БҰл туралы ҚМА баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталыү 

    Лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылды.

    Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды.

    Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған (1 данасын — 5000 теңгеге, 3 дана — 10000 теңге, 6 дана — 20000 теңге, 12 дана — 40000 теңге, 30 дана — 100000 теңге).

    «Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған. 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асты», — делінген хабарламада.

    Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

    Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →