Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ?

Су тасқыны: Кеген ауданында бұршақ жауып, арты селге ұласты

Су тасқыны: Кеген ауданында бұршақ жауып, арты селге ұласты

Алматы облысы Кеген ауданында бұршақ аралас жаңбыр жауып, салдарынан таудан су тасып жолдарды шайып кетті. Алматы-Кеген тас жолы су астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Облыстық төтенше жағдай департаменті түстен кейін басталған жаңбырдың сағат 17:00-де басылғанын мәлімдеді. Тасқын су Ақсай ауылына жақын жолды басып қалған.

Араға уақыт салып “ҚазАвтоЖол” республикалық маңызы бар жолдың да су астында қалғаны туралы мәлімет берді.

“Сейсенбі күні сағат 16:00 шамасында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Ұзынбұлақ ауылына жақын республикалық маңызы бар Көкпек-Кеген-Түп жолының жанындағы таудың баурайында су тасыды. Тасқын судың ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 8-10 сантиметрге жетті”, – делінген хабарламада.

Жолдың бұл бөлігінде су өткізгіш құбырлар екі жерден жұмыс істеп тұр.

«ҚАЖСервис» ЖШС Алматы облыстық филиалының мамандары жасақталып, суды ағызып және уақытша жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 8 адам жұмылдырылды.

“Сағат 19:30-ғы жағдай бойынша су тасқыны тоқтады. Жол қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Кезекшілік орнатылды”, – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика