Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Астаналық дәрігер ота жасағаны үшін заңсыз сыйақы алған

    Астаналық дәрігер ота жасағаны үшін заңсыз сыйақы алған

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік басшысы Асхат Жұмағали жарты жылдықтың қорытындысы бойынша агенттіктіктің атқарған жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Агенттіктің мәліметінше, биыл әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркеліп, 58 адам әшкереленді, 34 адам сотталды.

    Мәселен, Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

    Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

    Сонымен қатар, осы жылдың 11 шілдесінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елордалық медициналық орталықтың дәрігері Мәкішевке қатысты үкім шығарды.

    Ол науқастан жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін 500 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →