Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қостанайда 9 жастағы бала бомба туралы хабарлаған

    Қостанайда 9 жастағы бала бомба туралы хабарлаған

    6 маусым күні кәмелет жасқа толмаған жасөспірім төтенше жағдай департаментіне гимназия мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар берген. Ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    9 жастағы жасөспірім 112-ге хабарласып, Қостанай қаласының №3 мектеп-гимназиясында бомба барын айтқан. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған баланың әрекетіне байланысты қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған баланың әрекеті үшін әкесі жауапкершілікке тартылды.

    Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша жасөспірімге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

    8 маусым күні қылмыстық іс жүргізу құқығының 35-бабы 2-бөлігіне сәйкес іс тоқтатылды.

    “Азамат өз кінәсін толық мойындады. Сот оған 36 920 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада.

    Фото: pixabay.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →