Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Ақтөбеде төбелес болып, бірнеше адам ауруханаға түсті

    Ақтөбеде төбелес болып, бірнеше адам ауруханаға түсті

    Ақтөбе қаласындағы дәмханалардың бірінің алдында бірнеше адам төбелесіп қалды. Үш адам кесіп-тесілген, тағы бір адам жабық бас жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі.

    Кеше, 8 шілде күні түнде Ақтөбе қаласындағы Зауыт көшесінде орналасқан дәмхана алдында бірнеше адам төблесіп қалды.

    Оқиға орнына полициямен қатар жедел жәрдем бригадасы да шақырылды.

    — Қонақтардың арасында жанжал туып, бір-бірімен төбелескен. Нәтижесінде бірнеше ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары басталды. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — деді Ақтөбе қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Әкентай.

    Полиция қазіргі кезде нақты қанша адамның қамауға алынып, күдікке ілінгенін айтпады.

    Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төбелес кезінде барлығы 5 адам зардап шеккен.

    — 31, 30, 29 жастағы ер адамдарда кесіп, тесілген жарақаттары болды. Олардың бірін Ақтөбе медцина орталығына, екіншісін Ақтөбе көпсалалы ауруханасына жеткізді. 28 жастағы бір адам жабық бас-ми жарақатын алған. Сонымен бірге 39 жастағы адам дәрігер көмегінен бас тартты. Оқиға орнына барлығы 2 бригада барды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →