Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Қырық адамды алдап кеткен қазақстандық Армениядан экстрадицияланды

    Қырық адамды алдап кеткен қазақстандық Армениядан экстрадицияланды
    Screenshot

    Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 -2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, нәтижесінде қырыққа жуық адамның 167 млн теңгеден астам қаржысын қолды еткен.

    Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын түрлі қылмыстар жасағаны үшін сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынып жүрген және ол сол елде ұсталды.

    Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

    «Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген»,-делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі тартқан ақпаратта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →