Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Еліміздегі ірі қара мал саны 2 млн басқа азайып кеткен

    Еліміздегі ірі қара мал саны 2 млн басқа азайып кеткен

    Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің пайымдауынша, аталмыш саланы дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі – қала, кент және ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебінің негізінде қалыптастырылған мәліметтерді пайдалануға байланысты салалық статистиканың бұрмалануы. Қате берілген кіріс деректері нарықтағы өнім тапшылығы, артық өндіріс, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі және басқа да жағымсыз салдарлар сияқты күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

    Осыған байланысты саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында министрлік мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтады.

    «2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығындағы мал саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал саны шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны 14%-ға, ешкі 20%-ға, шошқа 34%-ға, үй құсы 22%-ға, ет өндірісі 15%-ға, тауық жұмыртқасы 10%-ға қысқарды», – делінген АШМ хабарламасында.

    Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады. Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізіліп жатыр. Оны 2024 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →