Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев БРИКС саммитінде жасанды интеллект пен су ресурстары жөнінде бастама көтерді Тоқаев: БҰҰ-ға балама жоқ, оның Жарғысы мүлтіксіз сақталуы тиіс Кәріз суларынан есірткі іздерін анықтау жұмыстары жалғасуда Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады Тоқаев БРИКС саммитінде жасанды интеллект пен су ресурстары жөнінде бастама көтерді Тоқаев: БҰҰ-ға балама жоқ, оның Жарғысы мүлтіксіз сақталуы тиіс Кәріз суларынан есірткі іздерін анықтау жұмыстары жалғасуда Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

    Шымкентте аса iрi мөлшерде есірткі заттарын өндірген зертхана жойылды

    Шымкентте аса iрi мөлшерде есірткі заттарын өндірген зертхана жойылды

    Шымкент қаласының прокуратурасы үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы арнайы операция жүргізу барысында «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Аталған мекенжайды тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары анықталды.

    Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тонна көлемдегі прекурсорлар тәркіленді.

    Аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

    Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды бей-жай қалмауға және мұндай фактілер анықталған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →