Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызын хиджабпен ұзатқан Алтынай Жорабаева сынға қалды Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Қызын хиджабпен ұзатқан Алтынай Жорабаева сынға қалды Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

    Шымкентте кәмелетке толмаған 73 қыз жүкті болып қалған

    Шымкентте кәмелетке толмаған 73 қыз жүкті болып қалған

    Шымкентте 5 айдың ішінде кәмелекетке толмаған 55 қыз босанған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

    Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмаған 73 қыз бала жүкті болған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Олардың сөзінше, небәрі 5 айдың ішінде 17 жастағы 38 жасөспірім босанған.

    «2024 жылы 5 айда қала бойынша босанған жасөспірімдер саны — 55. 2023 жылы 54 болған. 2024 жылы 5 айда қала бойынша РСБ порталынан босанған жасөспірімдер саны — 44. Оның ішінде 15 жасқа дейінгі — 1, 16 жаста — 5, 17 жаста — 38», — дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.

    Айта кетейік, статистикаға сүйенсек, елімізде орта есеппен 100 қыздың үшеуі кәмелетке толмай жүкті болады. Мамандар ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түрлі бағдарламаның жүргізіліп жатқанын айтады. Алайда нәтижесі әлі де көңіл көншітпей отыр.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →