Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты

Риддерде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, «Риддер ЖЭО» АҚ иесі ауысқалы бері ақаулар тыйылып, жылу мәселесі шешімін тауып келеді.

Қазіргі уақытта орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ЖЭО иелері келесі жылыту маусымына дейін жүргізілетін жөндеу жұмыстарының кестесін жасауда.

«Осындай қиын кезде дүрбелеңге бой алдырмай, қауесеттерге сенбей, болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қараған Риддер қаласының тұрғындарына алғысымды білдіремін. Риддер әкіміне жылу электр орталығының қазір ақаусыз жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырдым», — дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Осылайша, Риддерде енгізілген төтенше жағдай барлығы үш айға созылып отыр.

Еске салсақ, қаңтар айында Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысқанын хабарлаған едік.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика