Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Екібастұздағы көмір кенішінде конвейер өртенді

    Екібастұздағы көмір кенішінде конвейер өртенді

    Оқиға «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясына» қарайтын «Шығыс» кенішінде болған. Тілсіз жауды сөндіруге 3 арнайы техника мен 12 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, Екібастұздың «Шығыс» көмір кенішінде көтергіш конвейердің таспасы өртенген.

    «Өрт № 2 кен шығару учаскесінде, көмірді сыртқа беріп тұратын конвейердің екі жерінде шыққан. Оқиға орнында кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің үш техникасы мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, кеніштің екі су тасығыш көлігі, ерікті өрт сөндіру жасағы жіберілді. Жалын толықтай өшірілді. Зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді департаменттен.

    Тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр.

    Фото: ТЖМ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →