Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    Ақтауда тыр жалаңаш жүретін кейуана көршілерін мезі еткен

    Ақтауда тыр жалаңаш жүретін кейуана көршілерін мезі еткен
    Фото: Lada.kz
    Ақтау қаласының 3 ықшам ауданындағы №155 үйдің тұрғындары тыр жалаңаш жүретін кейуананың үстінен тағы да шағымданды. Алайда үш жыл бойы осындай күйге душар болған егде жастағы әйелге қатысты құзырлы органдар ешқандай шара қабылдамапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Әйелдің өзімен болған сөз, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жолданған шағымдар ешқандай нәтиже бермеген, деп хабарлайды Lada.kz.

    Жергілікті басылымның хабарлауынша, егде әйел үш жыл бойы жалаңаш жүреді және өзгелердің ескертулерін елемейді.

    «Бұрын дұп-дұрыс әйел болған, соңғы үш жылда осылай болып қалды. Біресе үстін, біресе төменгі жағын жалаңаштап алады. Оның үстіне нәжісі үстіне жағылған күйде жүреді. Айнала сасып, шыбын-шіркей толады. Пәтері де шашылып жатады. Бізді қойшы, балаларға обал, олар күн сайын психологиялық соққы алып жатыр», — деп аталған үй тұрғыны Арсен Мелкумянның сөзін Lada.kz келтіреді.

    Оның айтуынша, егде жастағы әйел үйінде жалғыз тұрады.

    «Бірде оның қызы бар деп естідім. Бірақ біз оны ешқашан көрген емеспіз. Бұрын оған әлеуметтік қызметкерлер келетін, бірақ ол ешкімді үйіне кіргізбейді», — деп атап өтті ол.

    Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әйелдің психикалық жағдайы туралы мәліметтер нақтыланатынын хабарлады.

    «Бүгін біз аталған азаматтың тұрғылықты жеріне барамыз, содан кейін қосымша ақпарат береміз», — деді ведомстводан.

    Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы шағымда көрсетілген мәселелерді қарастыру өз ведомствосының құзыретіне жатпайтынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →