Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады •

    Бүгін Германияда футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады

    Бүгін Германияда футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады

    Фото: Pixabay

    Бүгін Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Qazaq Todayақпарат агенттігі. 

    Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі толығымен «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Құрлықтық дода ойындары Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф,Майндағы Франкфурт, Гельзенхиркен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт секілді қалаларында өткізіледі. Әлемдік доп додасында қазылық ететін төрешілер Англия, Аргентина, Германия, Испания, Италия, Нидерланд, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Франция, Швейцария, Швеция елдерінен келген.

    Алғашқы кездесу сағат 23:50-де өтеді. Алаң иелері Германия және Шотландия құрамалары шеберлік байқасады.

    Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

    А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

    B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

    С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

    D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.

    E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина

    F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

    Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. 14-26 маусым аралығында өтетін топтық кезең ойындары 18:00, 21:00, 00:00-де басталады. Құрлықтық додада 30 маусым-2 шілде аралығында 1/8 финал ойналса, 5-6 шілдеде ¼, 9-10 шілдеде ½ финал өткізіледі. Финал 14 шілдеге белгіленген.

    Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Германия, Испания — 3, Италия, Франция — 2, КСРО, Португалия, Чехословакия, Нидерланд, Дания мен Грекия — 1 мәртеден жеңіс тұғырына көтерілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →