Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді • Ақтөбеде шенеунік екінші рет сотталып кетті • Қызылордада жігіт қыздарға араша түсемін деп пышақ жарақатын алды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді • Ақтөбеде шенеунік екінші рет сотталып кетті • Қызылордада жігіт қыздарға араша түсемін деп пышақ жарақатын алды •

    QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады

    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кафе, мейрамхана, бар және караоке QazCopyright цифрлық платформасына қосылады. Жүйе музыканы тіркеп, авторлық сыйақыны есептейді.

    QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады

    Сурет: ernur.kz

    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кафе, мейрамхана, бар және караоке мекемелері QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасына қосыла бастайды. Бұл туралы Kazpatent директоры Сәбит Ахметов түсіндірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жүйе мекемелерде қандай музыка ойналғанын тіркеп, авторлар мен орындаушыларға тиесілі сыйақыны есептеуге мүмкіндік береді. Қазір платформа телеарналар мен радиостанцияларды қамтиды. Енді келушілерге жайлы атмосфера қалыптастыру үшін музыка пайдаланатын кафе, мейрамхана, бар және басқа да мекемелерді қосу жоспарланып отыр.

    Алайда барлық мекемені жаппай тексеру көзделмеген. Қазақстан бойынша 500–600 нысан кездейсоқ іріктеу арқылы таңдалады. Іріктеу экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) негізінде жүргізіледі.

    – Мекемелер кездейсоқ іріктеледі. Іріктеудің әділ әрі тәуелсіз болуы үшін құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға тәуелсіз мекемелер таңдалады, – деп түсіндірді Сәбит Ахметов.

    Таңдалған мекемелерде қандай музыкалық шығармалар ойналғаны туралы деректер жиналады. Кейін бұл мәліметтер сол санаттағы басқа нысандарға да қолданылып, авторлар мен орындаушыларға төленетін сыйақы көлемін есептеуге негіз болады. Іріктеуге түскен мекемелер бұл туралы хабардар етіледі. Ал қалған қатысушылардың тізімі жарияланбайды.

    Сәбит Ахметовтің айтуынша, жаңа жүйе кафе мен мейрамханаларды аралап, музыка пайдаланылғанын тексерудің бұрынғы тәсілінен бас тартуға мүмкіндік береді. Бұған дейін құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың өкілдері мекемелерге барып, тексеру жүргізген.

    – Бұрын мұның бәрі қағаз жүзінде жүргізілетін. Жүйе ашық болмады. Қанша қаржы жиналғанын, оның авторларға жеткен-жетпегенін ешкім білмейтін. Ал жаңа платформа арқылы музыканың қай жерде, қанша рет ойналғанын және ол үшін қанша қаражат жиналғанын көруге болады. Осылайша жүйе барынша ашық болады, – деді ол.

    Kazpatent мәліметінше, QazCopyright платформасы 2026 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енген заңнамалық өзгерістер негізінде жұмыс істейді. Жүйеге қатысушылар кезең-кезеңімен қосылып жатыр. Алғашқы кезеңде радио, телеарналар, кабельдік және спутниктік телевизия операторлары қамтылды. 1 шілдеден бастап театрлар, филармониялар мен кинотеатрларды қосу жұмыстары басталды. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кафе, мейрамхана, бар, караоке және басқа да музыка пайдаланатын мекемелерді қосу жоспарланған.

    2026 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша платформада 331 субъект тіркелген. Оның ішінде 116 телерадиокомпания, авторлық құқықты ұжымдық негізде басқаратын 13 ұйым, 141 мәдениет ұйымы, 46 автор мен құқық иесі және 15 өзге пайдаланушы бар. Сонымен қатар платформадағы шығармалар тізіміне 255 636 туынды енгізілген.

    QazCopyright музыкалық шығармалардың қанша рет орындалғанын тіркейді. Авторлар, орындаушылар мен продюсерлер мобильді қосымша арқылы өз туындыларының телеарналар мен радиода қанша рет пайдаланылғанын көре алады. Әр орындалғаны үшін оларға тиісті сыйақы төленеді. Платформа авторлық сыйақыны есепке алу, жинау, бөлу және төлеу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →