Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды •

    Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды

    Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны соңғы үш айда отандық телеарналарда 6 472 рет орындалып, ең жиі шырқалған шығарма атанды. QazCopyright платформасы арқылы әр әннің қойылу жиілігін білуге болады.

    Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды

    Фото: Kazinform

    Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны соңғы үш айда отандық телеарналарда ең жиі орындалған музыкалық шығарма атанды. Осы кезеңде ол 6 472 рет шырқалған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Енді QazCopyright цифрлық платформасы арқылы нақты бір орындаушының әндері телеарналарда қанша рет қойылғанын білуге мүмкіндік бар.

    Жүйе шығарманың қанша рет орындалғанын ғана емес, қай күні, қай уақытта және қанша уақыт ойналғанын да көрсетеді.

    – Шығарманың орындалу ұзақтығына қарасақ, бір жерде 1 минут 40 секунд, ал басқа жерде 12 немесе 15 секунд қана ойналғанын көреміз. Яғни толық нұсқасы 1 минут 40 секундқа созылғанымен, кейде оның қысқа үзінділері ғана пайдаланылады, – деп түсіндірді Сәбит Ахметов.

    Платформада белгілі бір орындаушының шығармаларын жеке іздеуге де болады. Мәселен, таныстырылым кезінде Роза Рымбаеваның әндер тізімі көрсетілді. Ондағы мәліметке сәйкес, «Атамекен» әні бір айда 136 рет орындалған.

    Әр әннің қай телеарнада қанша рет қойылғанын да білуге болады. Мысалы, «Атамекен» әні «Қазақстан – Жамбыл» телеарнасында 101 рет шырқалған. Сондай-ақ ол басқа телеарналар мен радиода да орындалған.

    Бұдан бөлек, платформа арқылы музыкалық шығарманың пайдаланылуы туралы толық мәлімет алуға болады. Ол үшін жүйеден арнайы үзінді көшірме жасалады. Құжатта шығарманың орындалған күні, басталу және аяқталу уақыты, қанша уақыт ойналғаны мен арнайы коды көрсетіледі. Сондай-ақ құжатта QR-код бар.

    Сәбит Ахметовтің айтуынша, авторлық құқық иесі бұл құжатты өз шығармасының пайдаланылғанын растайтын дәлел ретінде қолдана алады. Қажет болған жағдайда оны авторлық құқықты ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға немесе сотқа ұсынуға болады.

    – Әр автор өз шығармасының қайда және қалай таралғанын көріп, сол мәліметті қағазға шығарып, дәлел ретінде пайдалана алады. Мысалы, тиісті төлемін алмаған жағдайда осы құжатты авторлық құқықты басқаратын ұйымға немесе телеарнаға ұсынып, музыкасының қанша рет пайдаланылғанын растай алады, – деді Kazpatent директоры.

    Қазір платформаға 259 505 музыкалық шығарма енгізілген. Жүйеде авторлық құқық иелерінің жеке тізілімі де бар. Авторлар оған тіркеліп, өз шығармалары туралы мәліметтерді толықтыра алады.

    Платформаны смартфон арқылы пайдалану үшін мобильді қосымша да әзірленген. Онда музыкалық шығармалар мен олардың пайдаланылуы туралы ақпаратты көруге болады.

    Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кафе, мейрамхана, бар және басқа да коммерциялық нысандарды QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасына қосу басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →