Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Елімізде жүк көліктерін бақылайтын «Сергек» іске қосылмақ

    Елімізде жүк көліктерін бақылайтын «Сергек» іске қосылмақ

    Фото: BNEWS.KZ

    Биыл осындай 20 құрылғы қойылса, болашақта қосымша 220 өлшеу станциясын орнату жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Одан бөлек Көлік министрі Марат Қарабаев жүк көліктерін бақылайтын жаңа жүйе тамыз айында іске қосылатынын айтты.

    «Аталған 18 өлшеу камерасына тоқталсақ, бұл жүйе автоматтандырылған. «Сергек» сияқты біздің өлшеу жүйеміз суретке түсіріп, айыппұлды тасымалдаушыға жолдап отырады. Тиісті заң Сенатта мақұлданғаннан кейін, жүйені биыл тамыз айында іске қосу жоспарланған. Астананың маңында 29 карьер бар. Елордаға кіретін 6 жолда осындай камера қойдық. HOWO және SHACMAN (Қытайда өндірілетін көліктер) көліктері ауыр жүк тасымалдауға арналған. Шетелде мұндай көліктер тек карьерде жүреді. Бұл тақырып бойынша Парламентке заңнамалық ұсыныспен келмекпіз. Елімізде 60 мыңға жуық осындай жүк көлігі бар. Оларға автожолда жүруге мүлдем тыйым салу ұсынылып отыр. Яғни, оларға жүкпен жолда жүруге тыйым салынбақ. Егер крьерге бару керек болса, онда осы ауыр көліктер жолда тек жүксіз жүруі тиіс. Бұл заңнамалық ұсыныстарды енгізбекпіз. Осы арқылы жолдағы ауыр жүкті мүлдем тоқтатпақпыз», — деді Марат Қарабаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →