Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті

    Депутат мектеп бағдарламасының тым ауыр екенін айтты

    Депутат мектеп бағдарламасының тым ауыр екенін айтты

    Фото: Pixabay

    Қазақстандық оқушыларға шамадан тыс көп оқу міндеттелген. Бұл туралы сенат депутаты Алтынбек Нухұлы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап. 

    Сонымен қатар, ол оқулықтар оқушыға түсінуге қиын ғылыми тілде жазылатынын айтады.

    Сенатордың сөзінше, білім сапасы жағынан алға кеткен Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия және Канада сияқты елдерде 7-8 сыныпта нақты ғылымға қатысты 4-6 пән оқиды, ал Қазақстанда 15 пән, ал 9 сыныпта тіпті 16 пән оқытылады. Ал бізде міндетті оқу пәндерінің саны 2,5 есе көп.

    Сонымен қатар, химия, биология және география сияқты оқу пәндері шетелдің мектебінде бір «Ғылым» пәніне біріктіріліп, өте аз уақыт оқытылады. Осыған қарамастан, соңғы 15 жылдағы халықаралық PISA зерттеуінің қорытындысы бойынша осы елдердегі оқушылардың жаратылыстану ғылымы бойынша сауаттылығы жоғары болып отыр. Бұл пәндер санынан оқыту сапасы маңызды екенін көрсетеді.

    «Қазақстанда мектеп оқушыларына тақырып бойынша шамадан тыс көлемді ақпарат беріледі және оқулықтардың тілі ауыр әрі ғылыми сипатта беріледі. Ал озық елдің тағы бірі Ұлыбританияда – керісінше, ақпарат көлемді емес, тақырыптар тәжірибеге бағытталып, күнделікті өмірдің жағдаяттарымен байланыстырылып оқытылады. Басқаша айтқанда, оқушының алдағы өмірінде прагматикалық тұрғыдан қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге көп көңіл бөлінеді, яғни оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыратын нәтижеге бағдарланған білім беріледі. Орта білім беру саласында сапалы білім беру үшін, оқушыларға заман талабына сай білім беру мазмұнын жасау керек. Орта білім беру сапасын көтерудің Концепциясына сәйкесінше өзгерістер енгізілуі керек деп есептейміз», — деді Алтынбек Нухұлы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →