Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты

    Мбаппе Мадридтің «Реал» клубына ауысты

    Мбаппе Мадридтің «Реал» клубына ауысты

    Фото: sportyakutia.ru

    Дүйсенбіде «Реал Мадрид» француз шабуылшысы Килиан Мбаппені келесі бес маусымға сатып алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алайда футболшының жаңа клубтағы тұсаукесері жазда Германияда өтетін Еуропа чемпионатында Франция құрамасы сапында өнер көрсеткеннен кейін ғана өтеді.

    Бұл мәлімдеме Лондондағы «Уэмблиде» өткен финалда «Реал» дортмундтық «Боруссияны» 2:0 есебімен жеңіп, 15-ші Еуропа кубогын жеңіп алған соң екі күннен кейін жасалды.

    25 жастағы Мбаппе «Париж-Сен-Жерменнен» кететінін ресми түрде мамыр айында жариялады, ал клубқа бұл туралы ақпан айында хабарлаған.

    Форвард Париж командасына 2017 жылы 180 млн еуроға ауысып, 256 гол соғып, ПСЖ рекордшысы атанды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →