Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасының Молдоваға есе жіберуін талдады • Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден өтті • Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары шекараны жеке куәлікпен өтуі мүмкін • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасының Молдоваға есе жіберуін талдады • Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден өтті • Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары шекараны жеке куәлікпен өтуі мүмкін •

    Алматы мешіттерінен телефон ұрлап жүрген күдікті ұсталды

    Алматы мешіттерінен телефон ұрлап жүрген күдікті ұсталды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Алматы қаласының полицейлері мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны үш көлікті айдап кеткен және төрт рет тонау қылмысын жасаған. Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, күдікті мешіттерде ұялы телефондарды жасырын түрде алып жүрсе, қаланың төменгі бөлігінде бөтен адамдардың көліктерін ұрлаған.

    Қаскөй Алматы маңындағы компьютерлік клубтардың бірінде ұсталды. Ол ұрлаған көліктер табылды және иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеудің осы сатысында күдіктінің жеті қылмысқа қатысы бар екендігі белгілі болды. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

    ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

    iFrame

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →