Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды •

    Ортағасырлық Сарайшық қалашығы суға кетуі мүмкін

    Ортағасырлық Сарайшық қалашығы суға кетуі мүмкін

    Атырау облысының Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылына құтқарушылар мен әскерилер көмекке келді. Өйткені ортағасырлық Сарайшық қалашығы мен археологиялық қазба орындарындағы ежелгі қорымдарды су басу қаупі бар, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

    Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, мұнайлы өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің 40-қа жуық қызметкері Индер ауданынан аталған ауылға көмекке жіберілген.

    «Қазір Сарайшық ауылында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына Қорғаныс министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 60, Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысындағы 52859 әскери бөлімінің 25 қызметкері жұмылды. Екі арнайы техника бар. Құтқарушылар мен әскери қызметшілер ортағасырлық қалашықтың айналасындағы қорғаныс қоршауын нығайтуға тартылады», — деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →