Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БҰҰ Непалға 49,6 млн доллар көлемінде жедел көмек сұрады Қазақстанда инвесторлар мен цифрлық актив иелеріне арналған салық өзгерістері ұсынылды Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады БҰҰ Непалға 49,6 млн доллар көлемінде жедел көмек сұрады Қазақстанда инвесторлар мен цифрлық актив иелеріне арналған салық өзгерістері ұсынылды Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады

    Шымкентте көшедегі қыздың бетінен ұрған полицей тек ескертумен құтылған

    Шымкентте көшедегі қыздың бетінен ұрған полицей тек ескертумен құтылған
    Фото: shymkent.online парақшасынан скрин

    Таяуда полиция қызметкерінің қызға қол жұмсаған видеосы әлеуметтік желіге таралған болатын, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Azattyq Ruhy сайтының жазуынша, Шымкент полиция департаменті қыздарға күш көрсетіп, бірінің бетінен ұрып жіберген қызметкерге қатысты тергеуді аяқтаған.

    «Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша, қызметкер ескерту түрінде қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция таратқан хабарламада.

    Еске салсақ, Шымкент көшесінде екі ер адам бір қызды күштеп алып кетпек болған. Оған екі қыз араша түсіп, полиция шақырады. Ал тәртіпсіздікті реттеуге келген полицейдің өзі қыздарға күш көрсеткен. Оның атын-жөнін сұрап, құжатын көрсетуді талап етіп, жағдайды телефонның камерасына түсіріп алмақ болған қыздардың бірі полицейдің өзінен таяқ жеп қала жаздаған. Осыдан кейін қыздарға белгісіз біреулер қайта-қайта қоңырау шалып, жағдайды «жақсылықпен шешейік» деп ұсыныс жасаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →