Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    ҰҚК Астана мен Павлодарда бірнеше адамды тұтқындады

    ҰҚК Астана мен Павлодарда бірнеше адамды тұтқындады

    Биылғы 2-3 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, және прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана мен Павлодарда Қазақстанның 3 азаматын ұстады.

    Олар — экстремистік әрекеттер бойынша күдіктілер. Нақтыласақ, олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілініп отыр.

    «Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілер бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған болып шықты», — дейді ҰҚК.

    Қазір қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →