Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда

    Антикор азық-түлік бағасын өсіру кезіндегі жемқорлықты ерекше бақылауға алады

    Антикор азық-түлік бағасын өсіру кезіндегі жемқорлықты ерекше бақылауға алады

    Фото: Антикор

    Антикорда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жекелеген мәселелері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали маусымаралық кезеңде Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұруға және тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

    Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін өзекті.

    Атап айтқанда, Өзбекстан мен Тәжікстаннан жеткізушілерден азық-түлік ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей жеткізу мүмкіндіктері пысықталды.

    Тауарлар тікелей қазақстандық нарыққа делдалдарсыз және алып сатушыларсыз және неғұрлым қолжетімді бағамен жеткізілетін болады.

    Осыған байланысты, А. Жұмағали аумақтық бөлімшелерге жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін болдырмау мақсатында аталған процестерге мониторинг жүргізуді тапсырды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі құқыққа қарсы схемаларды құруға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кеседі.

    Баға белгілеуге теріс әсер ететін жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың үлестестігіне, мемлекеттік аппарат тарапынан негізсіз әкімшілік кедергілер құруға, нарыққа жосықсыз қатысушылар тарапынан айла-шарғы жасауға және теріс пайдалануға ерекше назар аударылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бұл жұмыстың маңызын атап өтіп, аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →