Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды •

    Бишімбаевтың анасы: Ұлым қасақана өлтірген жоқ

    Бишімбаевтың анасы: Ұлым қасақана өлтірген жоқ

    Фото: Жоғарғы сот

    Сотта сөз сөйлеген Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Айыпталушының анасы өлім себебі нақты анықталмады деп есептейді. Сондай-ақ сотта Нүкенованың қанша ішімдік ішкеніне мән берілмегеніне тоқталды. Сот сарапшысы Тахир Халимназаровтың сараптамасын сынап, Салтанаттың қан құрамында алкоголь құрамы аз болғанын көрсеткен дейді.

    «Егер сол түні осыншама ішімдік ішпегенде мұның бәрі болмас еді. Ұлым істеген ісіне, қол көтергеніне жауап беруі тиіс. Бірақ қасақана өлтіргені үшін жазалануға тиісті емес», — дейді Альмира Бишімбаева.

    Айыпталушының анасы алқабилерден ақпараттық ағынға бой алдырмай, әділ шешім шығаруды сұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →