Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр • Алматыда ауызсудан қауіпті бактерия табылды: тұрғындар алаңдаулы • Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр • Алматыда ауызсудан қауіпті бактерия табылды: тұрғындар алаңдаулы • Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры •

    Қырғызстандағы трагедия: 29 баланы қаққан көлік жүргізуші қамауға алынды

    Қырғызстандағы трагедия: 29 баланы қаққан көлік жүргізуші қамауға алынды

     Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі.

    Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды.

    Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында.

    Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,  зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті.

    Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр. Аурухана меңгерушісі Қыпшақбай Тоқтарбаевтың журналистерге хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуінде бас-ми жарақаты, біреуінде ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің түбінің сынуы, ал біреуінде қабырға асты сүйегінің экструзияланған сынығы бар. Көкбауыры жарылған екі балаға ота жасалды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі 29 баланы қағып, олардың 7-еуі жансақтау бөліміне жеткізілген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →