Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты •

    Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады

    Қаржылық мониторинг агенттігі «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы президенті Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады. Ол 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

    Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады

    Сурет: ҚМА

    Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысында «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы» ЖШС-нің бұрынғы президенті Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Іздеуде жүрген азамат 1954 жылғы 18 наурызда туған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

    Ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

    2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.

    Тергеу дерегіне сай, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз еткен.

    Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.

    Егер іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары: +7 (7172) 70-84-78 — кезекші бөлім.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →