Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Ішектері жетімсіреп ызыңдамасын»: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлының гитарасын көрсетті

    «Ішектері жетімсіреп ызыңдамасын»: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлының гитарасын көрсетті

    Фото: Серікзат Дүйсенғазы фейсбук парақшасынан

    Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы өмірден өткен 16 жастағы ұлы Әлиханның гитарасын көрсетіп, естелігін бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Әлихан батырдың гитарасы ғой. Өзінің түзеп кеткен құлақкүйімен тұр. «Ішектері жетімсіреп ызыңдамасын» деп анда-санда бір қолға алып қоямын. Басымда балапанымның осы гитарасын тартқанда киіп отыратын тақиясы. Олимпиадаға дайындықтан шаршағанда осы диванда отырып біраз мелодиялардың басын қайыратын», — деп жазды ол.

    Серікзат Дүйсенғазы Роза Әлқожаның әнін орындап берді.

    «Роза Әлқожа қарындасым студент кезінде шығарған осы әнін алғаш Студенттер сарайында  маған әкеліп тыңдатып еді. «Сөзін жазып көресіз бе?» деп қолқа да салған. Гүлнәр Салықбай апайдың өлеңіне дәл келіп тұрған соң сол күйінде қалдырғаның дұрыс деп едік. Бүгін сол ән есіме түсіп кетіп тыңқылдатып отырғаным ғой. Үнемі тартып жүрмеген соң қол да қатып қалады екен. Артық-кемі болса кешіріммен қарарсыздар», — деп жазды ақын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →