Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «AirAstana» әуе компаниясының ұшқышы ұшар алдында есірткі тұтынған

    «AirAstana» әуе компаниясының ұшқышы ұшар алдында есірткі тұтынған

    Фото: Pixabay

    23 сәуір күні полиция Алматы әуежайынан Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып, сақтаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Қамауға алу кезінде ол есірткіге мас күйінде болған. Ұшқыш мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшпақ болған.

    Ұшқыштың тұрғылықты жерінен пластик құбыр тәркіленіп, одан ұнтақты шөгінділер табылған. Ол 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.

    «AirAstana» әуе компаниясы жағдайды растап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →