Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері •

    1 млрд теңге: апат салдарын жоюға бөлінген қаржыны жымқырғандар туралы жаңа дерек белгілі болды

    1 млрд теңге: апат салдарын жоюға бөлінген қаржыны жымқырғандар туралы жаңа дерек белгілі болды

    Қаржы мониторингінің өкілі су тасқыны салдарымен күресуге бөлінген ақшаны жымқырған шенеуніктер туралы жаңа деректі бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.

    Қаржы агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов су тасқыны кезінде жымқырылған 1 млрд теңгеге қатысты қозғалған қылмыстық істердің жай-жапсарын кулуарда айтты.

    «Біздің ведомство бүгінде гидроқұрылыстар салуға бөлінген бюджет ақшасы бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Аймақтар — Ұлытау облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы және Қызылорда облысы. Бұл қылмыстық істердің көп бөлігі бюджет қаражатын ұрлау деректері бойынша тіркелген», — деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.

    Журналистерге жауап берген орынбасар қаржыны жымқырғандардың лауазымын да жасырмады.

    «Күдіктілер — тиісті тендерлерді алған кәсіпкерлер, сонымен қатар жұмыстың аяқталуы туралы куәлікке қол қоюға қатысқан лауазымды тұлғалар бар», — деді агенттік төрағасының орынбасары өз жауабында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →