Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды •

    Бишімбаевтың ұялы телефонынын ҰҚК аша алмады

    Бишімбаевтың ұялы телефонынын ҰҚК аша алмады

    Фото: Жоғарғы сот

    Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың телефоны 6 cандық құпия код қойылғанын, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкеткерлерінің телефонды ашуға техникалық мүмкіндіктері болмағанын жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың телефонының құпия кодын судьяға беруге қарсы екенін жеткізді.

    Оның айтуынша, телефонда «аса қатігездікпен адам өлтіру» мен «азаптау» туралы айыптарды жоққа шығаратын дәлелдер бар.

    Бұдан бұрын сотталушы телефонының кодын тек қорғаушыларына ғана айтамын деп судьяға қарсы шыққан болатын.

    «Сот телефонды Бишімбаевтың өзі ашып берейін десе, оған мүмкіндік бермей отыр. Біз телефонды соттың қолына берсек, оның ішіндегі материалдар өзгеріп кете ме деп қауіптенеміз. Осыған байланысты Қуандық Бишімбаев телефонын өзі ашып берсін, соған рұқсат беруіңізді сұраймыз. Материалдар зерттелген соң біз сотқа құпия сөзін айта аламыз»,- деді адвокат Ғазымжанов.

    Судья Ғазымжановтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →