Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды •

    Алматыда пәтер жөндеуге келген құрылысшы 13 жастағы қызды зорлаған

    Алматыда пәтер жөндеуге келген құрылысшы 13 жастағы қызды зорлаған

    Жантүршігерлік қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Дереккөздің жазуынша, ер адам қызды көп қабатты үйдің паркингінде зорлаған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

    «Тараған ақпаратқа сүйенсек, қылмыс 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала болжам бойынша, күдікті пәтерлердің бірін жөндеуге келген жұмысшы. Ал қыз баланы ол үйдің паркингінде зорлаған. Қазір тұрғындар күдіктіні өз күштерімен іздеп жатыр», — деп жазды паблик.

    Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек күдікті қолға түскенін мәлім етті.

    «Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті анықталып,  уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс аясында басқа да мән-жайлар анықталып жатыр», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →