Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Ақтауда төрт ай бойы ыстық су болмайды

    Ақтауда төрт ай бойы ыстық су болмайды

    Фото: Pixabay

    Ақтау төрт айға ыстық сусыз қалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Мұндай шешім қала әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткен штаб отырысында қабылданды, деп жазады El.kz.

    МАЭК хабарламасында былай делінген:

    «Биылғы мамыр айынан бастап магистральдық жылу құбырларын қайта жаңартуға байланысты жазғы кезеңде қалаға ыстық су беру тоқтатылсын».

    Естеріңізге сала кетейік, алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңіне сапалы дайындалу үшін «Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта құру және салу» жобасы аясында «МАЭК» ЖШС-не тиесілі желілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды.

     «МАЭК» ЖШС бұл шаралар қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін жасалатынын ескертіп, осы жұмыстар барысында туындайтын қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды», — деп қосты мекемедегілер.

    Облыс орталығында жылы беру маусымы 15 сәуірде аяқталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →