Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қар мен көктайғақ: Қазақстанның 10 облысында жолға шығу қауіпті • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады • Шашынан сүйреп, қылқындырған: әйеліне күш көрсеткен ақтөбелік босатылды • Финляндиялық хоккейшілер Ресейдің әлем чемпионатына оралуына пікір білдірді • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Қар мен көктайғақ: Қазақстанның 10 облысында жолға шығу қауіпті • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады • Шашынан сүйреп, қылқындырған: әйеліне күш көрсеткен ақтөбелік босатылды • Финляндиялық хоккейшілер Ресейдің әлем чемпионатына оралуына пікір білдірді • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды •

    Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын туннель табылды

    Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын туннель табылды

    Фото: Kaktus.media

    Қырғызстанның Жалалабад облысында Өзбекстанға апаратын тағы бір туннель табылды. Қырғызстанда тұратын күдікті сол арқылы адамдар мен тауарларды заңсыз өткізіп жүрген. Шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен 40 жастағы Өзбекстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Каzinform сайтына сілтеме жасап.

    Бұл туннель арқылы Өзбекстан аумағына адамдар мен контрабандалық тауарлар заңсыз тасымалданғаны атап өтілген. Осы жылдың 5 сәуірінде облыстық ІІБ қызметкерлері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Өзбекстан азаматын қолға түсірген. Оның көрші елге осы құпия туннель арқылы өткені анықталған.

    Сондай-ақ, 12 сәуірге қараған түні Ноокен ауданында ақшаға қырғыз-өзбек шекарасын заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырды деген күдікпен жергілікті халықтың өкілі де қамауға алынды.

    «Күдіктіден арнайы таңбаланған валюта мен түнде көретін дүрбі тәркіленді. Сондай-ақ оның үйінде құны 30 мың долларға жуық 87 қорап есірткі сақтағаны анықталды», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →