Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді
Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді. Оның сөзі желі қолданушылары арасында қызу талқылау тудырды.
Фото: Әлеуметтік желі
Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында көп әйел алу мәселесіне қатысты ойын жариялап, оқырмандарын ойландырды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өнер иесі жазбасын екі әйел алуға қарсы шыққандай бастап, соңында әзілге бұрған: «Екі әйел алу деген не сұмдық! Үш әйел, төрт әйел алуға да мүмкіндік бар емес пе?!» — деп жазды ол.
Әншінің бұл күтпеген мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі көзқарас тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі мұны жай ғана қалжың деп қабылдаса, енді біреулері мұндай тақырыпта әзілдеудің орынсыз екенін айтып жатыр.
