Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Отырарда оқушылар бәліш сатып, жиналған ақшаны Орал қаласына жіберді

    Отырарда оқушылар бәліш сатып, жиналған ақшаны Орал қаласына жіберді

    Фото: Көкмардан мектебі

    Отырар ауданындағы Көкмардан жалпы орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қаржылай көмек берді, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

    «Су – тіршілік көзі» атты ашық сабақ өткен бастауыш сынып мұғалімі Қызайым Алтынбекова тақырыпты еліміздегі су тасқынмен байланыстырған. Зардап шеккен халыққа ел болып көмек беріліп жатқанын айтып, сабақты кең көлемді талқылап, түсіндірген. Күнделікті өмірді күрделі тақырыппен ұштастыра білген оқытушының сабағына белсенді қатысқан оқушылар да су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек бергілері келетіндігін айтқан. Содан ертеңіне ата-аналарының көмегімен тәттілер пісіріп алып келген. Үлкен үзілісте акция ұйымдастырып, бәліш пен тәттілерді сатқан. Ал түскен қаржы аз болса да, Орал қаласына көмек ретінде аударылды. Ауылымыздың тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл іске мектебіміздің ұстаздары да өз үлесін қосты. Игі іске оқушыларымыз да атсалысып жатыр. Бұл елдегі жағдайға бүлдіршіндеріміздің де бейжай қарамағандығын көрсетіп отыр. Жиналған қаржы аз болса да, кең көңіл үшін оқушыларымызға айтар алғысым шексіз» — дейді Көкмардан мектебінің директоры Бимен Мырзаш.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →