Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда •

    Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласында 780 см-ге жуықтады

    Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласында 780 см-ге жуықтады

     Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 776 сантиметрге (қауіпті деңгей – 850 см) жетті.

    «Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткендей, су деңгейі бір тәулікте 8 сантиметрге көтерілді.

    Бәйтерек ауданы Январцев елді мекенінде кешегі деңгейде (802 см) қалса, Көшімде 765 (+14), Тайпақ ауылы тұсында 471 (+12) сантиметрге жетті.

    Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 1 сантиметрге жоғарылаған (821 см, қауіпті шектен 21 сантиметрге жоғары).

    Казталов ауданы Жалпақтал ауылында Қараөзен деңгейі 8 сантиметрге көтерілді (627 см, қауіпті шегі – 790-820 см).

    Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі төмендеп келеді. Соның ішінде Жайыққа құятын Шаған өзені Чувашин ауылы тұсында 728 сантиметрді (-15, қауіпті шегі – 1300 см) көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →