Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды •

    Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

    Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

    Қазақстандық еркін күресші Азамат Дәулетбеков Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында финалдық кездесу өткізді,Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының капитаны үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевті жеңіп, құрлықтық турнирде өз командасына алғашқы алтынды әкелді, деп хабарлайды Qazaqtoday.

    Жеңіске жету жолында Дәулетбеков ирандық Хади Вафаейпураны (3:1) және қытайлық Пейлонг Лиді (11:0) жеңді.

    Айта кетейік, Азаматтың Париж-2024 Олимпиадасына лицензиясы бар.

    Ол күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері өнерлерін аяқтады. Қазақстан құрамасының капитаны Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта топ жарып, үшінші рет Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы финалда бұрынғы қарсыласы, Азия ойындарында есе жіберген өзбекстандық Жабраил Шапиевті жеңді. Белдесу барысында ұтылып жатқан Дәулетбеков соңғы 15 секунд қалғанда 4 ұпайлық әдіс жасап, 5:2 есебімен жарыс жеңімпазы атанды. Осылайша отандасымыз еркін күрес шеберлері арасында жалғыз алтын жүлдеге болды.

    Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →