Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды

    БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үйін тасқын судан сақтап қалған

    БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үйін тасқын судан сақтап қалған

    Фото: pol-master.com

    Батыс Қазақстан тұрғыны Мағжан Аққожин монтаж көбігімен есіктерді бекітіп, үйін су тасқынынан қалай аман алып қалғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұқбатында бұл ойдың қалай келгенін баяндап берді.

    «Былтыр ғана салған үйім еді. Түнімен ауыл әкімі, ауыл жастарымен сумен арпалысып, бөгет салдық, бірақ таңға таяу су ауылға кіріп кетті. Отбасымды эвакуация жасадық. Не де болса жылдам әрекет ету керек болды. Үйдің іргетасы судан қорғалғандықтан, есіктерден қауіптеніп, монтаж көбігімен бекітуді жөн санадым» — дейді ол.

    Мағжан қауіптің беті сейілгенде үйіне келіп қараса, ішке бір тамшы су кірмеген.

    «Сол кезде отбасыма үйдің жайын көрсету үшін видео түсіргем. Сол бейнежазбам әлеуметтік желіде тарап кетіпті», — дейді ол.

    iFrame

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →