Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді

    «Адам өлтірдім». Байжанов Бишімбаевтың айтқан сөздерін есіне түсірді

    «Адам өлтірдім». Байжанов Бишімбаевтың айтқан сөздерін есіне түсірді

    Фото: ratel.kz

    Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда. Сотта Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған інісі Бақытжан Байжанов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бақытжан Байжанов жедел жәрдем шақырып, Салтанат Нүкенованың қайтыс болғаны мәлім болған соң Қуандық Бишімбаевтың қандай күйде болғанын айтты, деп жазады EL.kz.

    «Бишімбаев айғайлап, өзіне қол салу үшін пышақты тартып алды. Ол өзіне қол салмас үшін Қуандықты ұстап отырдым. Жалғыз өзімнің шамам келмеген соң барменді көмекке шақырдым», — деді Бақытжан Байжанов.

    Бармен Абылай Қуандық Бишімбаевты күшпен ұстап тұрғанын айтты.

    «Қуандықпен сөйлескен жоқпыз. Қуандық есеңгіреп жүрді. «Бақытжан, Абылай мені жіберсінші. Мен не істеп қойдым?! Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Адам өлтірдім, бала-шағамның бетіне қалай қараймын? Енді өмір сүре алмаймын» деген сөздерді айтты», — деді Бақытжан Байжанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →