Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Арал теңізінің құрғап қалған 15 мың гектарына сексеуіл отырғызылып жатыр

    Арал теңізінің құрғап қалған 15 мың гектарына сексеуіл отырғызылып жатыр

    «ҚазМұнайГаздың» қолдауымен Арал теңізінің құрғап кеткен ұлтаны жасыл желекке айналады. Ұлттық компания 15 мың гектар жерге 4,5 миллион түп сексеуіл көшетін егу жобасын бастады, деп хабарлады 24.kz.

    Теңіз табанындағы қайнаған қызу тірлікпен «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев арнайы барып танысты.

    «Арал теңізінің тартылуы – жаһандық проблема. Табанынан ұшқан шаң мен тұз жер шарының әр түпкіріне жетті. Мәселені шешудің бір жолы – теңіздің құрғаған жерін тоғайға айналдыру. Ол үшін шөлге төзімді галофитті өсімдіктер егу керек», – дейді мамандар.

    Президент тапсырмасы аясында қолға алынған жобаға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы да үлес қосты.

    «Қазақстанның, қазақтың символдық ағашы деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын. Сексеуіл, біріншіден, жылудың, тіршіліктің көзі. «ҚазМұнайГаз» тарихындағы бірінші бастамасы жалғасын табады деп кәміл сенемін», — дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

    Бір түп сексеуілдің 4 тоннадан астам құмға тосқауыл болатынын ғалымдар дәлелдеген. Мамандардың айтуынша, 7 жылдан кейін 15 мың гектар жерге егілген өсімдік 15 мың тонна тұз бен шаңның көкке көтерілуін тоқтатады.

    «2021-2023 жылдар аралығында 545 мың гектар жер жасыл желекке айналды. Президент тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін бұл көлем 1,1 миллион гектарға жеткізіледі», — деп атап өтті Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →