Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Жамбыл облысында «бомба» қойған адам ұсталды

    Жамбыл облысында «бомба» қойған адам ұсталды

    Жамбыл облысының Меркі ауданындағы наркологиялық диспансерге «бомба» туралы хабарлаған  адам ұсталды.

    Polisia.kz-тің хабарлауынша, 8 сәуірде сағат 16:00 шамасында Меркі аудандық полиция бөліміне жарылғыш құрылғы туралы хабар келіп түскен. Тексеру кезінде бұл ақпарат расталмады.

    Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде осы ауданның 20 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні пайдаланып, қоңырау шалғанын мойындады. Ұсталған адам бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған болып шықты. Есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған.

    Былтыр ол наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде емделген екен. Қазір терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қылмыстық кодексте осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін соттау немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →