Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Теміртауда тұрғынға оқ атқан күдіктілер ұсталды

    Теміртауда тұрғынға оқ атқан күдіктілер ұсталды

    [Теміртау тұрғынын жарақаттаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қару қолдану арқылы бұзақылық жасаған 27-31 жас аралығындағы 3 адам ұсталды.

    Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

    Тергеу құпиялылығына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →