Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

    Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды
    Фото: primeminister.kz

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

    1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

    1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

    2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

    2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.

    2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

    2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

    2015 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

    2018 жылдың 18 қыркүйегі – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы қаржы министрі.

    2019 жылдың 25 ақпанынан – Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі.

    2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Респбуликасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

    2022 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттері уақытша жүктелді.

    2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындауға дауыс берді.

    2023 жылғы 30 наурызда ҚР Премьер-Министрі қызметіне қайта тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →