Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді •

    Алматыда күзетшіні сабап өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Бұған дейін Алматыда ер адам тұрғын үй күзетшісін көлікпен қағып, өлгенше тепкілегенін хабарлағанбыз. Енді оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға «Самал-3» ықшам ауданы 25, «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінде болған. Күзетшіні ұрып өлтірген ер адам полицейлер келгеннен кейін қашып кетпек болған. Содан кейін 14-қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Полицейлер оны дер кезінде ұстады.

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызмет адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

    Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен тұрғын үй кешенінің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полицейлер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →