Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі •

    Дауыс беру үшін Астанадан арнайы келдім —  депутат Күзиев

    Депутаттар өз ауылдарына барып дауыс беріп жатыр. Белгілі кәсіпкер, меценат, Парламент мәжілісінің депутаты Зәкіржан Күзиев Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы  тіркелген мекенжайы бойынша келіп дауыс берді. Депутат бүгінгі күннің ерекшелігіне тоқталып, 20 қарашадан бастап өзгеріс болатынын айтты.

    «Өте керемет. Тұрғындар белсенді. Мен арнайы өзімнің туған жерімде дауыс беру үшін келдім. Ұйымдастыру жағы көңілімнен шықты. Қызметкерлер де, бақылаушылар өз жұмысын жақсы атқаруда. Жаркенттік жерлестерім де республикалық шараға барынша ат салысып, таңертеңнен бастап келіп жатыр. Осының барлығы менің көңілімді көншітеді», — деді депутат.

    Айта кетерлігі, Зәкіржан Күзиев еңбек жолын 1990 жылы «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде жұмыс істейтін 5-разрядты ағаш ұстасы ретінде бастаған. Бүгінде «Универсал» компаниялар тобы өндірісінің салалық құрылымы әртүрлі Қазақстан Республикасының қуатты өндірістік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда компаниялар тобында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 1999 жылдан бері «Nur Otan» партиясының мүшесі. 2005 жылдан бастап «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС құрылтайшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →