Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Алматыда «жатақханаларды жекешелендіремін» деген алаяқ ұсталды

    Фото: Pixabay

    Алматыда жатақханаларды жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті құрықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Азаматтардың сеніміне кіріп, күдікті алматылықтарға ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруге уәде еткен. Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған. Бірақ бұл “қызметтер” үшін алдымен ақы төлеу керек болды.

    «Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

    Полиция қызметкерлері зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →