Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Павлодарда ветеринариялық-санитариялық зертханаларда өрескел бұзушылықтар анықталды

    Павлодар қаласының прокуратурасы жеке ветеринариялық-санитариялық зертханаларды тексеру кезінде Заңның өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады  Qazaq.today тілшісі.

    Прокурорлық тексеру барысында жарамсыз аспаптарды пайдалана отырып, ет және сүт өнімдерін 8 мыңнан астам рет заңсыз зерттеу анықталған. Сондай-ақ ветеринариялық заңнаманың қарапайым талаптары бұзылып отыр.

    «Әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 406 («Ветеринариялық ережелерді, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді сақтамау») және 419 («Тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын қолдану») баптары бойынша прокуратура заңды тұлғаларға шамамен 1 млн теңге көлемінде айыппұл салды», – делінген хабарламада.

    Қазір прокуратура актісі бойынша жеке зертхана лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселе шешіліп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →