Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Атырауда сотты болған адамдар мектепте жұмыс істеген

    Атырау облысында бұрын сотты болған 3 адамның мектепте жұмыс істегені анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

    Барлығы 129 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп тексерумен қамтылып, заң бұзушылықты жою туралы 91 ұсыныс берілді. 108 заңды және 55 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке, 1 адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осыған ұқсас фактілер бойынша тағы екі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 353 млн теңгеге негізсіз жоспарланған мемлекеттік сатып алу тоқтатылды.

    «Бұл азаматтар бұрын мектептерге кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу фактілерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

    Одан басқа, прокуратура 16 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепте тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу фактілерін анықтаған. Қазір осы сайттарға қолжетімділік шектеліп, кінәлі адамдар ӘҚБтК 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →